Қанды оқиға 15 наурыз күні 22:00 шамасында болған. Атырау қаласының Авангард ықшамауданындағы аялдамасында белгісіз біреу Калашников автоматынан бейбіт тұрғындарға оқ жаудырған.
Салдарынын Еркінқала елдімекенінің 22 және 27 жастағы екі тұрғыны қаза тапты. Ал тағы бір ауылдасы, 26 жастағы жігіттің басына оқ тиген. Қазір ол хал үстінде облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Артынан сол жерден оққа ұшқан тағы бір адамның мәйіті табылды.
Қазір полиция бейбіт тұрғындарға оқ жаудырған белгісіз азаматты іздестіруде. Қылмыс орнында Атырау облыстық ІІД жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Жергілікті басылымның хабарлауынша, бұл шабуылдың сол маңдағы түнгі клубтың бірінде шыққан төбелеске қатысы бар.
https://www.youtube.com/watch?v=vWAygCvjLPo