Әкімдерге, орынбасарларына партия филиалдарында қызмет атқаруға тыйым салу керек – Президент
Әкімдерге, орынбасарларына партия филиалдарында қызмет атқаруға тыйым салу керек – Президент
Фото: news.kazpravda.kz
432
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарында қызмет атқаруға заң жүзінде тыйым салу керек екенін хабарлады.
"Әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарында қызмет атқаруға заң жүзінде тыйым салу керек. Мұндай шешімдер көп полюсті партиялық жүйені қалыптастыруға мүмкіндік береді", – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Президент Жолдауында айтылғандай, елімізде партияларды тіркеу үдерісі айтарлықтай жеңілдейді. Бұл ретте партиялар үшін қарастырылған тіркеу шегін төрт есе – 20 мыңнан 5 мың адамға дейін төмендету керек.