Польшадан Қазақстанға алтыншы репатриациялық рейс ұшып шықты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
«16 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:45-те Катовице қаласынан (Польша) Қазақстанға алтыншы репатриациялық рейс ұшып шықты. Ұшақ Алматы қаласына қонады деп күтілуде. Ұшақта 14 жолаушы бар.
Осымен, Украинадан 836 адам шығарылды, ал соның ішінен 690 адам репатриациялық ұшақтармен Қазақстанға оралды», – делінген хабарламада.