Мұхтар Тайжан партия құратынын мәлімдеді
Мұхтар Тайжан партия құратынын мәлімдеді
© parlam.kz
409
оқылды
Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан өз партиясын құруға кіріскенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл саяси ұйым Қазақстанға нағыз реформа әкеледі.
"Бүгіннен бастап мен жаңа саяси партияны құруға кірісемін. Нағыз саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін бүгінгі билік, мәжіліс, сенат және үкімет 80-90% сөзсіз ауысуы керек. Ол үшін біз, ел мен ұлт жанашырлары жаңа партия құрып, келесі сайлауда Нұротан-Аманат партиясын адал жарыста жеңіп, билікке келуіміз қажет! (…) Келесі сайлаудың нәтижесінде (бәлкім биыл) біздің партиямыздың белсенділері парламент пен мүлдем жаңа үкіметтен табылып, елімізге өтірік емес шынайы реформаны енгізеді", – деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Партия «Жер қорғаны» деп аталады. Оның айтуынша, «жер деген ұғым әр қазақ үшін қасиетті, жерімізді қорғай алсақ ұрпақ үшін болашаққа жол ашамыз деген сөз».