"Кейбір БАҚ-та, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жауап алғаннан кейін салық инспекциясының қызметкері Нұртай Сапарбеков жасаған суицид туралы ақпарат таратылуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің іс жүргізуінде осы азаматқа қатысты қылмыстық істер болмағанын хабарлаймыз. Ақпарат жалған", - делінген хабарламада.
"Бұқаралық ақпарат құралдарында марқұм Нұртай Сапарбековтың құқық қорғау органдары жауап алғанда салық органдарында жұмыс істеген деген ақпараттар жарияланған. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бұл ақпаратты растамайды. Мемлекеттік кірістер комитеті Нұртай Сапарбеков мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері болмағандығын хабарлайды", -делінген комитет мәлімдемесінде.
Бұған дейін бірқатар БАҚ-та, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте жауап алғаннан кейін салық инспекциясының қызметкері Нұртай Сапарбеков жасаған суицид туралы ақпарат тарады.