Ресей Еуропа Кеңесінен шығу туралы шешім қабылдады
Ресей Еуропа Кеңесінен шығу туралы шешім қабылдады
©baq.kz
289
оқылды

Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың осы жөніндегі хаты Еуропа Кеңесінің бас хатшысына тапсырылды. Бұл туралы Мемлекеттік Думаның вице-спикері, Ресей Федерациясының ЕКПА-дағы делегациясының басшысы Петр Толстой телеграмм-каналында жазды.

–  Еуропа Кеңесімен диалогты бұзу үшін барлық жауапкершілік НАТО елдеріне жүктеледі. Олар осы уақыт ішінде адам құқықтары тақырыбын өздерінің геосаяси мүдделері мен біздің елге шабуыл жасау үшін пайдаланды. Біздің елімізге бұрын-соңды болмаған саяси және санкциялар қысымына байланысты Ресей бұл ұйымға жыл сайынғы жарна төлеуді жоспарламайды, – деп жазды Петр Толстой.