Рудныйлық азамат көршісін 4 жасар баласымен өртеп жіберген
Рудныйлық азамат көршісін 4 жасар баласымен өртеп жіберген
©tengrinews.kz
277
оқылды

Рудныйда жантүршігерлік оқиға болған. 44 жастағы ер адам көршісімен араздасып, оған керосин шашып, өртеп жіберген. Бұл кезде әйелдің қолында 4 жасар баласы болған. Бұл жайында Қостанай облысы ПД басшысы Ерлан Омарбеков парақшасында жазды.

"Ашығын айтсам, көп жыл бойы полицияда жұмыс істеп, түрлі жағдайды көрдім. Бірақ бұл оқиға қатты таңғалдырды. Бала денесінің 40 пайыздан астамын күйік шалып, жансақтау бөлімінде жатыр. Достар! Бәріміз көршіміз, туыспыз, таныспыз, әріптеспіз. Түптеп келгенде, жерлеспіз. Біз ортақ ортада өмір сүріп жатырмыз және соны ұмытпау керек", - деп жазды Ерлан Омарбеков парақшасында. Полиция департаменті басшысы бұл істі жеке бақылауына алғанын айтты. Осы факт бойынша полицейлер "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша соталды тергеу амалдарын бастаған. Күдікті қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.