Қалта ұрлығымен айналысқан күдікті қылмыс үстінде ұсталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызмеді хабарлады.
Бұрын сотталған 46 жастағы ер адам осы айдың басынан бері қоғамдық көлікте бес телефон ұрлаған. Негізінен қаскүнем автобустарда әйелдердің ұялы телефондарын ұрлаған.
Күдікті қарбалас уақытты пайдаланып, ең көп автобусты таңдап, тұрғындардың қалталары мен сөмкелерінен телефондарын ұрлаған. Сөйтіп, ол бір күнде автобустардан 3 ұялы телефон ұрлап үлгерген. Қазір күдікті ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.