Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде Алматы әуежайын тонап кеткен апалы-сіңлілер ұсталды
Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде Алматы әуежайын тонап кеткен апалы-сіңлілер ұсталды
фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
254
оқылды
Алматы полиция департаменті қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні Алматы әуежайын тонап кеткен апалы-сіңліні және біреуінің күйеуін ұстады. Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-каналында хабарлады.
Олар парфюмерия, алкогольді ішімдіктер, тіпті ойыншықтар, жалпы қолға түскеннің барлығын ұрлаған.
«130 парфюмерия мен косметика, дәріхана мен сыйлық дүкенінен 94 затты алып шыққан. 40 жастағы ер адам қамауға алынды, ал апалы-сіңлілі екеуі сотқа дейін кепілдікте отыр», - деп жазды Михаил Козачков.
https://www.youtube.com/watch?v=tam_dFahjOk