13 жастағы қызын зорламақ болған ақтөбелік сотталды
13 жастағы қызын зорламақ болған ақтөбелік сотталды
Сурет: depositphotos.com
232
оқылды

Ақтөбеде туған қызына жәбір көрсеткен әкеге үкім шықты. Ол 13 жастағы жасөспірімді зорламақ болған, деп хабарлайды КТК арнасы

Туған баласына азғындық көрсетуден тайынбаған 37 жастағы ақтөбелік жақында ғана түрмеден жазасын өтеп шығыпты. Енді қамауға қайта оралды. Бұрын ұрлық үшін шатылған әке үйде ешкім жоқта қызына азғындық әрекеттер жасаған. Прокурорлар оны 13 жылға соттауды сұраған. Алайда судья жазаны аз да болса жеңілдетіп, 12 жылға бас бостандығынан айырды.
"Отбасы мүшелері үйде жоқта өзінің 13 жасар қызына азғындық әрекеттер жасаған. Сот мемлекеттік айыптаушының пікірімен келісіп, күдіктіні кінәлі деп танып, төтенше қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - деді Алматы ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Әсел Өтенова.