Матч кезінде жанкүйер өзін қақпаға байлап тастады
Матч кезінде жанкүйер өзін қақпаға байлап тастады
245
оқылды
Англия чемпионатының "Эвертон" мен "Ньюкасл" арасындағы 20-тур матчі "Гудисон Парк" сатдионындағы жанкүйердің әрекетіне байланысты тоқтатылды, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс". Екінші тайм басында жанкүйер алаңға шығып кетіп, өзін қақпаға мойнынан байлап тастады. Бас төреші Крейг Поусон бірден ойынды тоқтатты, ал стюардтар оны босатып алды да, матч ары қарай жалғасты. Осыдан кейін жанкүйерді полиция алып кетті. Бір қызығы өзге жанкүйер ұасталған ер адамды ұрмақ болған. Британиялық БАҚ мәліметінше, ер адам осылайша Ұлыбританияның қазба отынды өндіруге инвестиция құюына қарсылығын білдірген.