Алматыда пәтер тонаумен айналысқан топ ұсталды
Алматыда пәтер тонаумен айналысқан топ ұсталды
280
оқылды
Алматыда 45 жастағы әйел адам бақарған қылмыстық топ ұсталды. Құрамында бұрын сотталған екі ер адам болды.
«Қазіргі уақытта қылмыстық үштікте қала аумағында жасалған бес ұрлық эпизоды бар. Күдіктілерді әшкерелеуге арналған арнайы іс-шара өткен күні жүргізілді. Кезекті ұрлықтарын жасаған соң, олар бірден ұсталды. Ұрылар мінген Nexia көлігі жеке секторда бұғатталды. Ұсталғандардан заттай айғақтар: гитара, нарда, бірнеше телефон және бағалы заттар табылды. Сонымен қатар, жасанды шаш, әмиян және кілттер анықталды», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Оның айтуынша, «қылмыстық үштіктің» соңғы қылмысы Өжет ықшам ауданында жасалған. Олар бөтен үйге терезеден кірген.
«Олар стандартты түрде әрекет етті. Тұрғын үйге кірер алдында үй иелерінің бар-жоғын тексерді, содан кейін ғана құлыпты ашты. Олар барлық құнды заттарды: ақшаны, шағын құрал-жабдықтарды, түрлі зергерлік бұйымдарды алып шықты. Екеуі біреудің үйінде ұрлық жасап жатқанда, үшіншісі көлікте күткен. Былайша айтқанда қауіпсіздікті бақылап тұрған. Айтпақшы, күдіктілер 45 жастағы Х. есімді азаматша және 44 жастағы К. есімді азамат, бұрын осыған ұқсас қылмыстарды жасағаны үшін сотты болған, ал үшінші қатысушы 35 жастағы азамат, бірінші рет «қылмыстық жолға» түскен. Қазіргі уақытта пәтер ұрлығына қатысушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, олардың басқа да қылмыстық эпизодтарға қатысы бар-жоғы анықталуда», – деді Берік Әбілбеков.