2021 жылғы конкурстық іріктеу нәтижелерін қараусыз қалдыру туралы шешім ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметі.
Шешімнің негізгі себебі – бұл 2022 жылғы 14 қаңтарда Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерін қатаңдатуы.
Атап айтқанда, жаңа ережелер жеткізушінің қаржылық тұрақтылық көрсеткішін қолдануды көздейді. Жаңашылдық киножобаларды қаржыландыруға тікелей әсер етеді, өйткені бұл шара іс жүзінде жеткілікті қаржылық резервтері жоқ жаңадан шыққан киноөндірушілердің конкурсқа қатысуға қосымша кедергі жасайды.
Осылайша, егер ведомствоаралық комиссия 2021 жылғы іріктеу нәтижелерін күшінде қалдырған жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы жаңа қағидалар өлшемшарттарына іріктелген жобалардың санаулы саны сәйкес келе алар еді.
Қалыптасқан жағдайда Министрлік жоғарыда көрсетілген Қағидаларға өзгерістер енгізу бойынша шаралар қабылдауда. Тиісті хат ағымдағы жылдың ақпан айында Қаржы министрлігіне жолданып, жауап ретінде уәкілетті орган өзгерістер енгізуге дайындығын білдірді.
Нәтижесінде, киноиндустрияны жеткізушілердің қаржылық тұрақтылығы түріндегі біліктілік талаптарын алып тастау арқылы оларды әлеуетті жеткізушілердің жеке санатына енгізу мәселесі пысықталуда.