Бүгін оңтүстік астана жұртшылығы Ұлыстың ұлы күні әз Наурыз мерекесін ерекше көңіл күймен тойлауда.
[caption id="attachment_188820" align="alignnone" width="1200"]
©Айтжан Мурзанов[/caption]
Неше күн бойы қабағын ашпаған Алматы аспаны да дәл бүгін жайма-шуақ болуы қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік қуаныш сыйлауда.
[caption id="attachment_188821" align="alignnone" width="1200"]
©Айтжан Мурзанов[/caption]
Наурыз мейрамына Қазақстандықтар мен мегаполис тұрғындарын құттықттауға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың келуі де қала тұрғындарын бір серпілтіп тастады. Президент өз сөзінде бүгінгі қасиетті мейрамды алматылықтармен бірге қарсы алуға арнайы келгенін айтып өтті.
[caption id="attachment_188822" align="alignnone" width="1200"]
©Айтжан Мурзанов[/caption]
«Бүгін Ұлыс күнін өздеріңізбен бірге қарсы алу үшін Алматыға арнайы келіп отырмын. Алматы – Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі. Халқымызға қайта оралған Ұлыс тойын мерекелеу осы қастерлі мекеннен басталды. Алматы – қазақ елінің рухани, мәдени және іскерлік орталығы. Зиялы қауымның, өнер, білім, ғылым, бизнес саласының өкілдері осында шоғырланған», – деді Президент.
[caption id="attachment_188823" align="alignnone" width="1200"]
©Айтжан Мурзанов[/caption]
Артынан Әлібек Дінішев, Рухия Байдүкенова, Айгүл Елшібаева, т.б. сынды бірқатар өнер тарландарының концерті жұртшылықты ерекше қуанышқа бөледі. Жиналған халықтың барлығының жүзінен әз Наурыз мейрамын тойлауға деген сағыныштың қуанышын байқауға болады.
[caption id="attachment_188824" align="alignnone" width="1200"]
©Айтжан Мурзанов[/caption]
«Қандай күшті. Соңғы жылдардағы карантин адамдарды әбден шаршатып жіберді. Халық мұндай мерекелік шараларды да сағынып қалған сияқты. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!», -дейді қала тұрғыны Айнұр Омарова.
[caption id="attachment_188825" align="alignnone" width="1200"]
©Айтжан Мурзанов[/caption]
Мереке Алматы қаласында 21-22 наурыз күндері қатарынан екі күн тойланады деп жоспарланған. Бүгіннің өзінде қаладағы барлық аудандарда түрлі мерекелік іс-шаралар өтуде. Қалалық әкімдіктің берген мәліметінше, осы мерекеде 80-нен астам түрлі шара өтеді.
[caption id="attachment_188826" align="alignnone" width="1200"]
©Айтжан Мурзанов[/caption]
Оның ішінде түрлі ұлттық салт-дәстүрден көріністер, арқан тарту, қол күрес, сынды ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, суретшілердің көрмесі, танымал өнер ұжымдары мен жекелеген әншілердің орындауында концерттік бағдарламалар қамтылған.
[caption id="attachment_188827" align="alignnone" width="1200"]
©Айтжан Мурзанов[/caption]
Биылғы Наурыз тойы ертең де Алматының Түрсіб, Жетісу ауадандарында жалғасын табады. Ол жақтарда ертең «Көктем шақырады» аттй кең көлемдегі меркелік іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.
Нұрболат Адырбек, Алматы