Алматы облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты
Алматы облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты
© inbusiness.kz
151
оқылды
Алматы облысында екі жеңіл көліктің соқтығысып, салдарынан 4 адам қаза тапты, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.  Жол апаты Алматы – Өскемен тасжолында болды. Шенгелді ауылының маңында Toyota Windom және Lexus LX 570 көліктері соқтығысты. Көліктердің бірі бұрылып келе жатқанда қарсы бағытта келе жатқан екіншісі оған соғылды.
"Жол апатынан Toyota Windom 21 жастағы жолаушысы және оның 3 жолаушысы көз жұмды. Қапшағай ауруханасына түрлі жарақатпен 50 жастағы әйел жеткізілді", – делінген ақпаратта.
ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша тергеу басталды.