18 наурызда белгілі кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира қамауға алынды. Қазіргі таңда ол тергеу изоляторында, – деп хабарлады orda.kz.
Гүлмира Сатыбалдыға екі рейдерлік эпизод бойынша айып тағылған. Екеуінің де Баян Мақсатқызының күйеуіне қатысы бар.
Іс материалдарына сәйкес, Тұрсын Алакөзов «Galanz Bottlers» акционерлік қоғамындағы 43,5 пайыздық үлесін қайта жазуға мәжбүр болғанын айтып, полицияға арыз жазған. Ол өз акциясын 35 млрд теңгеге бағалаған.
Maxi Bottlers ЖШС-нің бұрынғы иесі Айгүл Мәкішева да арыз жазған. Оның айтуынша, Сатыбалды әулеті оның 40 млн теңгеге бағаланатын кәсіпорнын тартып алған.
ҚР Қылмыстық кодексінің 249-бабы бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.
Енді күдікті Сатыбалды отбасы – Гүлмира мен Қайрат 7 жылға сотталып, олардың мүлкі тәркіленуі мүмкін.