Астанадан шығатын жолдар жабылды
Астанадан шығатын жолдар жабылды
Фото: ainews.kz
221
оқылды

Ауа райына байланысты астанадан шығатын бірнеше жол қайта жабылды.

Ikomek жедел қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 12.30-дан бастап «Нұр-Сұлтан – Петропавл» тасжолының 18-231 шақырым аралығындағы учаскесі жабылады. Бұл – астана мен Щучинск аралығындағы автожол. Сондай-ақ бүгін «Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті» жолының 16-200 шақырымында, яғни астанадан Павлодар облысы шекарасына дейінгі аралықта көліктердің жүруіне тыйым салынды. Боран салдарынан жол көрінбейтіндігін көлік жүргізушілері ескеруі тиіс.