Биыл балалардың денсаулығын тексеруге қанша миллиард теңге бөлінеді?
Биыл балалардың денсаулығын тексеруге қанша миллиард теңге бөлінеді?
Фото: freshlook.annals.org
342
оқылды

Қазақстанда балалардың денсаулығын қадағалап, өлім-жітім, ауру санын азайту үшін жыл сайын жүйелі тексеру өткізіледі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәліметінше, биыл МӘМС-те скрининг пен профилактикалық тексеру жүргізуге 39,7 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде, аудиологиялық скринингке – 5,1 млрд теңге, 5 жасқа дейінгі балаларды профилактикалық тексеруге – шамамен 11,7 млрд теңге, мектеп медицинасы шеңберінде профилактикалық тексеруге – 22,9 млрд-тан астам теңге.

Бұған дейін биылдан бастап МӘМС-тің жарнасы көбейгенін жазған болатынбыз.