«Алматы қала жарық» кәсіпорны мемлекет меншігіне қайтарылады
«Алматы қала жарық» кәсіпорны мемлекет меншігіне қайтарылады
Фото: vse-e.com
455
оқылды

Алматы әкімдігі «Алматы қала жарық» кәсіпорынын қала меншігіне қайтарып алмақ. Басты себебі, жекешелендіру стратегиялық мемлекеттік кәсіпорынның жоғалуына түрткі болуы мүмкін.

Алматы әкімдігі мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ШЖҚ «Алматы қала жарық» МКК-ның коммуналдық меншігіне қайтару бойынша бірлесіп жұмыс жүргізді.
Компания қаланың сыртқы жарықтандыру жүйелерін автоматтандырылған және орталықтандырылған басқаруға жауапты.
«Алматы қала жарықты» жекешелендіру стратегиялық мемлекеттік кәсіпорынның жоғалуына әкелуі мүмкін. Сондықтан Алматы әкімдігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің хабарламасы негізінде «Алматы қала жарық» ШЖҚ МКК жекешелендіру туралы шешімнің күшін жою шараларын қабылдап жатыр.

Бұған дейін Монополист операторларға тықыр таянғанын жазған болатынбыз.