Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды?
Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды?
Фото: basnews.kz

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақының жалпы сомасы 54,4 млрд теңге болды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Орта есеппен 490 мың отбасы жәрмдемақымен қамтылды. Оның ішінде, ақпанда 492,5 мың отбасы жалпы сомасы 27,3 млрд теңге жәрдемақы алды. Жәрдемақыны 4 және одан да көп баласы бар кәмелет жасына толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан алады. Төлем мөлшері балалардың санына байланысты сараланып, әр балаға 12 252 теңгеден төленеді. Мәселен, 49 100 теңгені  – 4 бала, 61 383 теңгені – 5 бала, 73 666 теңгені – 6 бала, 85 948 теңгені – 7 баласы бар отбасыға береді.

Ал 8 балаға – 98 016 теңге, 9 балаға – 110 268 теңге, 10 балаға – 122 520 теңге, 11 балаға – 134 772 теңге, 12 балаға – 147 024 теңге, 13 балаға – 159 276 теңге, 14 балаға – 171 528 теңге, 15 балаға – 183 780 теңге, 16 балаға 196 032 теңге беріледі.