1 литр сүттің бағасы 14 миллион теңге: Қызылорда облысында ерекше тендер анықталды
1 литр сүттің бағасы 14 миллион теңге: Қызылорда облысында ерекше тендер анықталды
© 24.kz
369
оқылды
Қызылорда облысы Қармақшы ауданында №275 орта мектебінің басшылығы 125 күртені сатып алуға тендер жариялап, оған 200 млн теңгеден аса қаражат жұмсауды жоспарлаған. Жемқорлыққа қарсы күрес мекемесі қаражаттың негізсіз жұмсалуына тосқауыл қойды, – деп хабарлайды "Хабар 24".  Ведомствоның жедел әрекет етуінің нәтижесінде мемлекеттік сатып алулар сайтына шығарылған лот қайта қаралды. Тауардың құны бір затқа 16 мың 700 теңгеге дейін төмендетілді. Сондай-ақ, 11 мемлекеттік мекемеде басшылар дизель отынының бір литрін 280 теңгеден, ал АИ-92 маркалы бензиннің литрін 205 теңгеден алуды жоспарлаған. Бейіндік министрлік алғашқысының шекті құнын - 230 теңге деп, ал екіншісін – 182 теңге деп белгілеген еді. Осылайша мемлекеттік бюджеттен 38 млн теңгеден аса қаражат үнемделді. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегілердің хабарлауынша, көбінесе білім беру саласында бағаны негізсіз өсіру байқалады.
"Шиелі аудандық білім беру басқармасы сүттің бір литрін 14 млн 577 мың теңгеге алуды жоспарлаған. Жоспарлы бағаны қайта қарастыру жөніндегі кеңес нәтижесінен кейін сүттің құны 223 теңгеге дейін түсірілді. 2022 жылы екі айдың нәтижесі бойынша, 17 мекемеге жолданған ұсыныстардың нәтижесі бойынша бюджеттің ақшасынан 351 млн 230 мың теңге үнемделді", – дейді Қызылорда облыстық жемқорлыққа қарсы күрес қызметі департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғалия Әлімқұлова.