"Қазгиромет" синоптиктері бірнеше өңірде ескерту жариялады.
25 наурызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде желдің күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болады.
Петропавл қаласында25 наурыздакүндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің күші 15-20 м/с, күндізгі екпіні 25 м/с болады.
Түнде және таңертең 25 наурыздаҚарағанды облысының орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
25 наурыздаБатыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.
Орал қаласында25 наурызда түнде және таңертең тұман болады.
25 наурызда Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында желдің күші 15-20 м/с болады.
25 наурыздаШығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде желдің екпіні 23 м/с болады.
Өскемен қаласында25 наурыз күні түнде жаяу бұрқасын болады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, түнде желдің екпіні 15-18 м/с болады.
Семей қаласында 26 наурызға қараған түні жаяу бұрқасын болады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-18 м/с болатын жел соғады.
25 наурыздаМаңғыстау облысында жауын-шашын, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.
Ақтау қаласында25 наурызда жауын-шашын, күндіз кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Күндіз тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде желдің екпіні 15-18 м/с болады.
25 наурызда Ақтөбе облысының солтүстігін, орталығын тұман басады.