Қазақстанда тұрғындарының тұрмысы төмен өңірлердің саны басым, – деп жазады naryk.kz.
Зерттеу бойынша табысы күнкөрісіне жетпейтіндердің үлесі былтыр IV тоқсанда 4,9% болды. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 0,3 пайызға жоғары.
2021 жылғы IV тоқсанда кедейліктің шегі Түркістан (9%), Маңғыстау (6,1%) облыстарында және Шымкент (6%) қаласында, ал ең төмені – Нұр-Сұлтан (1,8%-дан) қаласында тіркелді.
Сонымен, 2021 жылғы IV тоқсанда азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыстар деңгейіндегі 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген халықтың арасындағы айырмашылық 4,8, азық-түлік емес тауарларға – 7,9, ал ақылы көрсетілетін қызметтерге 5,4 есе болды.
Десе де, Түркістан, ШҚО, СҚО, Павлодар облысында кедейлер cаны біршама азайды.