Бүгінгі таңда ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы атанған бір ғана адам қалды. Ол – Алла Важенина. Зілтемірші 2008 жылы Пекинде өткен жазғы Олимпиада ойындарына 75 келі салмақ бойынша қатысып, күміс иеленген болатын. Кейін, 2016 жылы Халықаралық Олимпиада комитеті қытайлық жеңімпаз Цао Лэйдің көрсеткішін жарамсыз деп тауып, оның жеңісін жоққа шығарды. Сөйтіп, Алла Важенина Олимпиада чемпионы атанды.
Елімізде ауыр атлетикадан барлығы 6 Олимпиада чемпионы болған. Атап айтсақ, олар: Илья Ильин, Светлана Подобедова, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло және Нижат Рахимов. Тіпті, олардың арасында Илья Ильин 2008 және 2012 жылдары екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған болатын. Светлана Подобедова, Мая Манеза және Зульфия Чиншанло – Қазақстанның ғана емес, әлем спортының жұлдыздары, Әлем және Олимпиада чемпиондары. Үшеуі де – Алматы облысының Құрметті азаматы. Араға төрт жыл салып, Халықаралық Олимпиада комитеті үш бірдей қазақстандық ауыр атлетті 2012 жылғы Олимпиада ойындарындағы алтын жүлделерінен айырды. [caption id="attachment_189230" align="alignnone" > ©the-steppe.com[/caption] IWF шешімімен Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза екі жылға, Светлана Подобедова сегіз жылға спорттан шеттетілді. Төртеуінің де жазасы 2016 жылдың маусымынан басталып есептелді. 2018 жылы жаза уақыты аяқталған соң Ильин мен Чиншанло спортқа оралған. Бірақ Ильин 2020 жылы Токио Олимпиадасы пандемияға байланысты кейінге шегерілген соң спорттан кететінін жариялады. Чиншанло Токио Олимпиадасына қатысып, қола медаль иеленді. [caption id="attachment_189232" align="alignnone" > ©ru.sputnik.kz[/caption] Спорттық арбитраждық сот (CAS) зілтемірші Нижат Рахимовты допингке қарсы ережені бұзды деп тауып, оны 2016 жылғы Риодағы Олимпиаданың алтын медалінен айырды. Сонымен қатар чемпионды 8 жылға дисквалификациялады. Негізі ол бұған дейін де осы әрекеті үшін жарыстан шеттетілген. 2013 жылы екі жылдай жарысқа қатыспады. Ол кезде зілтемірші 27 жаста еді. [caption id="attachment_189235" align="alignnone" > ©sputnik.kz[/caption] Одан бөлек жуырда ғана Олимпиадада алған алтынын қайтарып беретін Нижаттың ісіне қатысты жаңа дерек шықты. Рахимов 2016 жылы үш рет допинг сынамасын тапсырғанда үшеуінде де басқа біреудің «несеп анализін» өткізгені анықталды. Соған қарамастан Қазақстан ауыр атлетика федерациясы САS-қа апелляциялық шағым түсіретінін айтты. Қызығы, спортшының кінәсі толығымен дәлелденсе де Қазақстан ауыр атлетика федерациясы спортшыға қолдау көрсететінін, шығарылған шешімге қарсы апелляциялық шағым түсіретінін айтты. Алайда федерациядағылардың бұл әрекетінен ештеңе шешіле қоймайтынын жеткізді. Оның үстіне, қазақстандық ауыр атлеттер Линдердің өлімінен кейін өз медальдерін қоқысқа лақтырды. Себебі, Риодағы Олимпиада алдында допинг нәтижесі кезінде басталған даудың соңы қыршын жастың өлімімен аяқталды. [caption id="attachment_189238" align="alignnone" > ©tengrinews.kz[/caption] 25 жастағы Альберт Линдер өзіне-өзі қол салған. Линдер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы және Азия чемпионы болған. Универсиадада жеңімпаз атанып қана қоймай, рекордқа да қол жеткізген. Міне, осындай даудан кейін аталған спорт түрінің де қадірі қашты, ауыр атлеттердің де күйі кетті. Сөйтіп, алты бірдей зілтеміршіміздің Олимпиададағы «алтыны» жалған болып шықты.