Қапшағайға Қонаевтың есімін беру туралы шешім қабылданды
Қапшағайға Қонаевтың есімін беру туралы шешім қабылданды
© azattyq-ruhy.kz
431
оқылды
Қапшағайға Қонаевтың есімі берілді. Бұл шешімді мәслихат депутаттары қабылдады, – деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайрат Ахметтаевтың төрағалығымен Қапшағай қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Онда қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бибігүл Шайкенованың «Қапшағай қаласын «Дінмұхамед Қонаев деп қайта атау туралы» мәселесі жөніндегі баяндама жасаған. Шайкенова қала әкімінің атына «Қамқор жүрек» және «Қапшағай самға» мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, көпбалалы аналардың «Ана сәулесі» қоғамдық бірлестігі, Қапшағай қалалық «Семей полигоны» қоғамдық бірлестігі, сол сияқты «Қапшағай қалалық полигоны» қоғамдық бірлестіктері сияқты түрлі үкіметтік емес ұйымдар, «AMANAT», «Ақ жол» партияларынан Қапшағай қаласын «Дінмұхамед Қонаев» деп қайта атау туралы бастама қолдаухат келіп түскенін мәлімдеді. Дауыс беру қорытындысы бойынша Қапшағай қаласын «Дінмұхамед Қонаев» деп қайта атау туралы бірауыздан шешім қабылданды. Айта кетейік, жария тыңдаудың хаттамасы жергілікті атқарушы және өкілді органдардың интернет-ресурстарында және «Нұрлы өлке» газетінде жарияланды, – деді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.