Президент Оқушылар сарайына жаңа автобус сыйлады
Президент Оқушылар сарайына жаңа автобус сыйлады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Алматыдағы Оқушылар сарайына сыйлық ретінде жаңа мектеп автобусы берілді. Алдағы уақытта жаңа да жайлы автобуспен балаларды түрлі конкурстарға, жарыстар мен фестивальдарға апару жоспарлануда. Автобус барлық заманауи талаптарға лайық. Соның ішінде әртүрлі ауа-райы жағдайында алысқа сапар шегуге арналған. Ауаны реттеу және жылыту жүйелерінен басқа, автокөлікте 4 бейнебақылау камерасымен, аялдама туралы жүргізушіні хабардар ету баcтырмасы орнатылған. Сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған пандуспен және т. б. жабдықталған. Оқушылар сарайы Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы жақында наурыз мейрамы кезінде Алматыға іс сапар жасаған. Осы сапар кезінде мегаполистегі аталған Оқушылар сарайына да соққан болатын. Сол сапары кезінде Президент Алматы әкімдігіне 2023 жылдың 15 желтоқсанына дейін Оқушылар сарайының обсерваториясын жаңғырту аясында заманауи кәсіби телескоп орнатуды тапсырған болатын. Оқушылар сарайы Оқушылар сарайы