Қазақстанда құнды металл – алтын құйманы екінші деңгейлі банктер мен валюта айырбастау орындарынан сатып алуға болады. Өткен айда 2500 дана алтын құйма сатылған.
Ұлттық банктің мәліметінше, алтын құйманың бес түрі бар. Олар салмағына қарай 5, 10, 20, 50 және 100 грамм болып бөлінеді. Оның ішінде, 10 грамдық құйма сұранысқа ие.
Жалпы сауданың 27%-і 10 грамдық құймаға тиесілі. Одан кейінгі орында 100 грамм және 20 грамдық құймалар тұр. Көбінесе, Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында сұранысқа ие.