«Зейнетақы қорындағы ақшаңды алып беремін» – алаяққа сенген тұрғындар ақшасынан айырылды   
«Зейнетақы қорындағы ақшаңды алып беремін» – алаяққа сенген тұрғындар ақшасынан айырылды   
Фото: inbusiness.kz
228
оқылды

Зейнетақы қорынан «ақшасын алып беремін» деп екі тұрғынды алдаған алаяқ ұсталды, – деп жазады Polisia.kz. Екеуі зейнетақы қорындағы ақшасын алу үшін алаяққа 300 мыңнан астам теңге берген.

18 наурыз күні полицияға 39 бен 45 жастағы екі тұрғыннан арыз түсті. Жәбірленушілер бейтаныс азаматшаға алданып қалғанын айтқан.
Күдікті жәбірленушілерге зейнетақы қорындағы ақшасын алып беруге көмектесе алатынын айтып, делдалдығы үшін бірінен 167 мың теңге, екіншісінен 178 мың теңге алған. Содан соң күдікті ұялы телефонын сөндіріп, байланысқа шықпай қойған.
Полиция күдікті 39 жастағы азаматшаны ұстады. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.