Ақмола облысының Щучинск қаласында шаңғымен жарысудан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Кезекті жарыс күнінде спортшылар классикалық әдіспен масс-старт жарысын қорытындылады.
Ұлттық олимпиада комитетінің ақпаратына сүйенсек, 30 шақырымға классикалық әдіспен жарысудан әйелдер арасындағы сында Ксения Шалыгина жеңіске жетті. Күміс жүлдені Надежда Степашкина, қоланы Анна Мельник жеңіп алды.
50 шақырымға классикалық әдіспен жарысудан ерлер арасындағы бәсекеде алматылық Наиль Башмаков топ жарды. Екінші орынды Владислав Ковалев, үшінші орынды Константин Борцов иеленді.