ҰҚК халықаралық есірткі арнасын жойды
ҰҚК халықаралық есірткі арнасын жойды
290
оқылды
18 наурызда Шымкент қаласының ҰҚК департаментінің қызметкерлері Қазақстанға есірткінің ірі партияларын жеткізуге қатысы бар деген күдікпен С. деген азаматты ұстады. Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан  10 килограмнан артық жоғары сапалы ауған гашиші алынды.
"Алынған есірткінің «қара нарықтағы» алдын ала құны 50 млн теңгеден асады", - делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу материалы ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді.