Мемлекеттік қызметкерлерді бопсалауға жол берілмейді
Мемлекеттік қызметкерлерді бопсалауға жол берілмейді
©Zakon.kz
217
оқылды
Соңғы уақытта әлеуметтік желі арқылы мемлекеттік қызметкерлерді негізгіз айыптау да жиі кездеседі. «Қазіргі таңда қоғамда көтерілген кез келген мәселе әлеуметтік желілер арқылы немесе басқа да ақпарат көздері арқылы жылдам тарап, қоғамдық пікір тудыруға себеп болып жатады. Алайда, бұл ақпараттың дұрыстығына ешкім кепіл бермейді. Сондықтан да қандай тақырыпта болса да халыққа жан-жақты зерттелген, нақты ақпарат ұсыну маңызды», – деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай.  width= Расында да, ақпарат көздері арқылы резонанс тудырып, сол арқылы рейтинг жасауды көздейтіндер де бар. Кейбір жағдайларда еліміздегі тұрақтылық пен бейбітшілікке кірбің түсіргісі келетін теріс ниетті топтар мен тұлғалардың тарапынан арандату әрекеттері де байқалады.
«Әлеуметтік желіде теріс бағытта жазба жариялап, өзінің «рейтингін» көтеру – уақытша нәрсе. Ендігі жерде, мемлекеттік қызметшілерды орынсыз айыптау, бопсалау және оны жеке мүддесіне пайдалануға жол берілмейді. Теріс бағытта арандатушылық ниетпен жазған желі қолданушысының ақпараты жоққа шығарылса, заң негізінде оның ісі сотқа дейін жолданады. Ал егер, мемлекеттік қызметшінің тарапынан кемшіліктер кетсе, заң алдында жауап береді. Қалай дегенмен де, біреуді қаралаған адамды қоғам түптің түбінде шеттетеді. Бүгінде біз өмір сүріп жатқан қоғам негативтен, теріс ақпараттан шаршады. Сондықтан, алдағы уақытта мұндай іс-әрекеттерге заң аясында шектеулер қойылады», – деді облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай.
Қызылорда облысында мемлекеттік қызметкерлердің жергілікті халықтың әлеуметтік мәселесін шешу үшін, тұрғындардың арыз-шағымы бойынша заң шеңберінде халықпен етене жақын жұмыс істеуі облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықованың әрдайым басты назарында. Аймақ тұрғындарының табысын арттырып, тұрмысын түзеу үшін мемлекеттік қызметкерлер елге көмек беруге қашан да әзір.