Желі қолданушылары бұл көрініске ризашылық білдіріп, жылы лебізін арнады.
Марат Омаров қызымен кездесіп, көзіне жас алды (видео)
Фото: видеодан скрин
172
оқылды

Әнші, композитор Марат Омаров АҚШ-тан келгеннен кейін «Мың бір түн» бағдарламасында қонақ болды, – деп жазды Aikyn.kz.

Эфирде Марат Омаров қызы Зарина Омаровамен бірге өнер көрсетті. Зарина Омарова әкеге деген сағынышын әнмен жеткізген. Композитор қызының тосынсыйынан кейін көзіне жас алып, толқығанын байқауға болады. Әсерлі сәтті көрермен ерекше бағалады.

«Эфирде бәрі сондай шынайы болды… Сағыныш та, қуаныш та, жүректен шыққан әңгімелер де қатар өріліп, ерекше әсерлі кешке айналды. Осындай әдемі эмоциялар мен естелік сыйлағандарыңыз үшін алғысым шексіз!» – деп жазды Зарина Омарова.

Желі қолданушылары бұл көрініске ризашылық білдіріп, жылы лебізін арнады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.