Ата-ананың қадірін білуге шақырды.
«Жүректі жаралайтынын кеш түсінеміз...»: Айгүл Иманбаева жантебірентер жазба жариялады (видео)
Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva
94
оқылды

Актриса, әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында ата-ананы құрметтеуге шақырды, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі күнделікті қарбалас тіршілікте ана үшін уақыт тауып, оған көңіл бөліп, барынша жақсылық жасау керек екенін айтты.

«Бәріне үлгеруге тырысамыз, бәріне уақыт табамыз, бірақ көбінесе ең басты адамды Анамызды кейінге ысырып қоямыз... Кейде асығыспен айтылған ауыр сөз, артық кеткен өкпе жүректі жаралайтынын кеш түсінеміз. Ал анамыз бәрін кешіреді, бірақ оның да жүрегі қартаятынын ұмытпайықшы. Уақытты кері қайтарып болмайды. Сондықтан көзі тірісінде ардақтайық, жылы сөйлейік, қасында болайық. Аналарымыз аман болсын», - деді актриса.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.