Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету әлі де күшейтіледі
Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету әлі де күшейтіледі
Фото: infinica.ru
310
оқылды
Қазіргі сәтте еліміз жаңа саяси реформалар мен дамудың жаңа моделін қалыптастырып, түбегейлі өзгерістер мен бетбұрыстарға бағыт алған кезеңді бастан кешуде. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын. Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Ырзақұлұлының айтуынша, бүгінде облыс әкімдігі тарапынан аймағымыздағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда.    width= «Аймақтағы өзекті мәселелерді тиімді шешу мақсатында жыл басында «Әлеуметтік шиеленіс ошақтары картасы» бекітілді. Бұл картада барлық сала бойынша бірінші кезекте шешілуі тиіс мәселелер қамтылып, мәселені шешудің тиімді жолдары мен жауапты салаға қатысты нақты міндеттер айқындалды. Жыл басында орын алған «Қаңтар оқиғасы» бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де күшейту керектігін және өзекті мәселелерді шешуде барлық сала асқан жауапкершілікпен жұмыс істеу қажеттігін көрсетті», – деді Қайрат Ырзақұлұлы. Қызылорда облысында «Әлеуметтік шиеленіс ошақтары картасы» аясында жергілікті халықтың кезек күттірмейтін өте өзекті мәселелері шешімін тауып жатыр.