Қостанай облысында жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды
Қостанай облысында жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды
341
оқылды
Қостанайда бірнеше күн бұрын үйінен шығып кетіп, хабар-ошарсыз жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 26 наурызда із-түзсіз жоғалып кеткен 16 жастағы жасөспірімнің денесін сүңгуірлер Тобыл өзенінің түбінен тапты.
«Полиция қызметкерлері облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, 16 жастағы Сергей Лукьяновтың денесін тапты. 27 наурызда оның заттары Тобыл өзенінің жағасынан, көпір маңынан табылған болатын», - деді полиция өкілдері.
Полицейлер, туыстары мен еріктілердің іздестіру жұмыстарына сүңгуірлер қосылып, 30 наурызда өзен түбін тексеру кезінде жасөспірімнің денесін тапты. Қазіргі уақытта басталған сотқа дейінгі тергеу аясында сараптамалар тағайындалды