Сегіз өңірде өзен суының деңгейі көтерілуі мүмкін
Сегіз өңірде өзен суының деңгейі көтерілуі мүмкін
397
оқылды

Қазгидрометтің 2-8 сәуірге арналған болжамы бойынша, еліміздің батысында, орталығында және шығысында ауа температурасы плюс 23 градусқа дейін жылынады. Ал солтүстігінде күндіз ауа температурасы плюс 18°С-қа, оңтүстік өңірлерде 28 градусқа көтеріледі.

2-8 сәуіріндегі апталық синоптикалық ауа райы болжамына сәйкес, батыстан шығысқа қарай кезекті Атлантикалық циклон ығыса бастайды. Қазгидиромет мәліметінше, циклонның артынан Батыс антициклоны ауысады. Ол өзімен бірге қысқа мерзімге ауа температурасының төмендеуіне алып келеді. Осыған байланысты Қазақстанның жазық аумақтарында, атап айтқанда Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен оңтүстік-батыс бөлігінде қардың қарқынды еруі, және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі.