Маңғыстау облысының 26 жастағы тұрғыны 29 наурыз күні сағат 11:00 шамасында шығып, қайтып оралмаған.
"Лада" басылымының хабарлауынша, полиция қызметкерлері аудан орталығындағы көпқабатты үйлердің, коттедждердің, қараусыз қалған және құрылысы аяқталмаған ғимараттардың, ойын-сауық орталықтары мен жалдамалы пәтерлердің шатырларын тінтуде.
Сипаттамасы: бойы 160-165 см, орта денелі, шашы иығына дейін.
Үстінде тізеге дейін түсетін сұр күрте, көк джинсы шалбар, қара етік болған.
Ерекше белгілері: сол қолы оң қолына қарағанда қысқа.