Батыс Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсететін волонтерлер штабы құрылды
Батыс Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсететін волонтерлер штабы құрылды
Фото: ТЖМ-нен алынды
286
оқылды
Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан тұрғындар зардап шекті. БҚО Ішкі саясат басқармасының мәліметінше, штабты облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Әділгерей Зұлхаров басқарады. Штаб Ғ.Қараш көшесі, 16 үй мекенжайындағы облыстық теннис орталығында орналасқан. Қазіргі таңда Қаратөбе, Жәнібек, Шыңғырлау, Бөрлі ауданының әрқайсысында 30 адамнан құралған волонтерлік топтар жұмыс істейді. Олар зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіруге жәрдем береді. Сонымен қатар Орал қаласында 100-ден астам волонтер көмек көрсетуге дайын. Волонтерлік штаб облыс тұрғындарынан киім-кешек, тез бұзылмайтын тағамдар, дәрілік және жеке гигиеналық және басқа да керек заттарды қабылдап жатыр. Жиналған соң аталған аймақтарға жөнелтіледі. Қосымша сұрақтар бойынша штаб жетекшісі Әділгерей Зұлхаровқа, 8-708-704-77-78 телефон нөміріне қоңырау шалуға болады. Кеше Батыс Қазақстанда 99 үй су астында қалғанын хабарлаған болатынбыз.