«Екі жүкті әйелді тікұшақпен жеткізді» – бірнеше өңірде әлі де су тасып жатыр
«Екі жүкті әйелді тікұшақпен жеткізді» – бірнеше өңірде әлі де су тасып жатыр
ТЖМ-нен алынды
604
оқылды
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, су тасқыны қаупі әлі де сейілген жоқ. Өткен тәулікте Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында 144 379 м3 еріген қар суын сору жұмысы жүргізді.    width= Сондай-ақ Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе облыстарында 7 961 қаптан тосқауыл қойылды.    width= Батыс Қазақстан облысында 250 м2 алқапта өзендерде мұзды жарды. Батыс Қазақстан облысында авариялық-құтқару жұмыстарына Маңғыстау және Атырау облыстарының ТЖД күштері мен құралдары жеке құрамнан 92 адам, 13 бірлік техника, 2 жүзу құралы және 6 мотопомпа жұмылдырылды. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысында су басқан 53 тұрғын үйі мен Ақтөбе облысында 57 саяжай үйі бақылауда тұр. Өткен тәулікте Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында 773 адам эвакуацияланды. Олар уақытша эвакуациялау пункттері мен туыстарының үйлеріне орналастырылды. Қайтыс болған және зардап шеккен адамдар туралы ақпарат тіркелген жоқ. ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағымен Жақсыбай ауылынан Орал қаласына 2 жүкті әйел жеткізілді.  width= Өткен тәулікте Батыс Қазақстан облысында 99 тұрғын үйді, Ақтөбе облысында 57 саяжай үйін және 21 аула аумағын су басты. Ақтөбе облысының республикалық маңызы бар жолдарының 2 учаскесінде, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарының облыстық және жергілікті маңызы бар 14 учаскесінде су тасуда. Осы жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, ҰҚК ШҚ, ЖАО 2 229 адам, 489 бірлік техника, 238 су айдау құралы және 27 жүзу құралы жұмылдырылды. Оның ішінде ТЖМ жеке құрамынан 974 адам, 117 бірлік техника, 145 су айдау құралы, 21 жүзу құралы бар.