Қарағандыда құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеуде
Қарағандыда құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеуде
407
оқылды
Қарағанды облысының елді мекендерінде және жолдарында су тасқынына байланысты күрделі жағдайлар жоқ. Құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істейді. 31 наурыз бен 4 сәуір аралығында Төтенше жағдайлар департаментінің облыстық су тасқынына қарсы штабына аула аумақтарын су басу қаупі туралы 125 хабарлама, сондай-ақ автожолдарда су тасқыны бойынша 18 хабарлама келіп түсті. Облыстық ТЖД басшысы Мұрат Қатпанов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте су тасқынының салдарын жою шаралары туралы хабарлады. – Аулаларды су басудың барлық жағдайлары бойынша суды сору және бұру, арықтар мен каналдарды тазарту, инертті материалдарды төгу және қаптар төсеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Су тасқыны басталғаннан бері 31 693 текше метр су сорылып, 1700 метр арық тазартылды. Су басу қаупінің 11 жағдайы бақылауда, оның тоғызы Қарағандыда және екеуі Бұқар Жырау ауданында. құтқарушы Сондай-ақ, автожолдар арқылы су тасқыны жедел жойылады. Облыс жолдарындағы екі учаске – Бүркітті – Егіндібұлақ – Қоянды және Теміртау – Қызылқайың (Чкалова – Березняки) басты назарда. Қоянды ауылынан 12 шақырым жерде көлік қозғалысы барлық көлік түрлері үшін жабық. Құтқарушылар Нұра, Есен, Жарлы, Сабыр-Қожа, Жаманкөл өзендерінде және Қарасор көлінде 14 жарылыс жұмыстарын жүргізді. Ірі су қоймаларынан ағызу жалғасуда. Су тасқынына қарсы күреске 250-ден астам адам және 106 бірлік техника жұмылдырылды, – деді Мұрат Катпанов. Сонымен қатар құтқарушылар: «Болжам бойынша 4-11 сәуір аралығында облыстың барлық аумағында ауа температурасы көтеріледі, ал 6-7 сәуірде жаңбыр жауады. Тұрғындар өз аумақтарында алдын алу шараларын жүргізуі керек. Арықтар мен аулаларды қардан тазарту керек» деп ескерту жасады. құтқарушы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Вадим Басин тұрғындардан балаларға ерекше назар аударуды сұрады. – Барлық ата-аналардан балалардың үйден шығуын, қар еруі аяқталғанға дейін қараусыз жүруін шектеуді сұраймын. Оларды судың жанында ойнауға қатаң тыйым салу қажет. Қалада және барлық елді мекендерде көптеген арналар бар, олардың мақсаты бойынша олар әрқашан ашық. Қазір олар суға толы, – деді Вадим Басин. Қазіргі уақытта облыстың барлық аудандарындағы су тасқыны қаупі бар 158 елді мекен бақылауға алынды.