Синоптиктер дауылды ескерту жариялады.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Күндіз облыстың басым бөлігінде желдің жылдамдығы – 15-20 м/с, солтүстігі мен шығысында – 25 м/с.
Көкшетау қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Батыс Қазақстан облысының шығысында тұман болады. Күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан, ал түнде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Қарағанды облысында оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде желдің екпіні – 15-20 м/с.
Қостанай облысының шығысында тұман болады. Түнде батысы мен солтүстігінде, күндіз солтүстігі, батысы, оңтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Қостанай қаласында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с болады.
Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл көтерілуі ықтимал. Оңтүстіктен солтүстікке екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде шаңды дауыл болуы ықтимал. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Нұр-Сұлтанда күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде облыстың солтүстік-батысында желдің екпіні – 15-20 м/с, күндіз оңтүстік-шығысында 23 м/с дейін жетеді.
Петропавл қаласында күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Кешке қарай Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда жел 15-20 м/с дейін күшейеді.