Шығыс Қазақстанда екі жаңа аудан құрылуы мүмкін
Шығыс Қазақстанда екі жаңа аудан құрылуы мүмкін
181
оқылды
Кеше Өскеменде өткен облыстық мәслихат жанындағы тұрақты комиссияның жария тыңдауында жаңадан құрылатын Абай облысы мен жаңадан құрылатын Ақсуат, Самар аудандарына атау беру мәселесі қаралды. Жиынға онлайн және офлайн режимде қатысқан облыстық мәслихат депутаттары ұсынысты бір ауыздан қолдады. Енді бұл ұсыныс облыстық мәслихат сессиясында қаралып, республикалық ономастикалық комиссияға жолданбақ.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыздағы Жолдауында Ұлытау, Абай, Жетісу деп аталатын үш жаңа облыс құруды ұсынған болатын.                                                                                                                 Шығыс Қазақстан облысы