Жұмысшылар өзенге батып кеткен автобустың төбесінде екі сағат отырды
Жұмысшылар өзенге батып кеткен автобустың төбесінде екі сағат отырды
Фото: Aktobe_times
228
оқылды
Атырауға жұмыстан қайтып бара жатқан «Қазмұнайгаз құбыр сервис» мекемесі жұмысшыларының автобусы мұз жарылып, өзенге батып кетті. Жұмысшылар автобустың төбесінде екі сағаттай отырған, – деп жазады "Ақтөбе Таймс". Жұмысшылар таңертең екі автобуспен үйге қайтып бара жатып, Жем өзенінен өтпек болған. Олар қыс бойы осы төте жолмен өтіп жүрген. Өзеннен өте берген сәтте мұз жарылып, автобус суға батып кеткен. Олар автобустың төбесіне шығып, басшыларынан көмек сұраған. Таңғы сағат 08:00-10:00 арасында 25 адам екі сағатқа жуық автобустың төбесінде отырған. Жұмыс беруші арнайы техникамен келіп, жұмысшыларды судан шығарып алған. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары көктемде өзеннен өтуге болмайтынын ескерткен.