Коронавируспен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия елде вакцинаның қолда бар қоры туралы хабарлады. Елімізде вакциналауға және КВИ-ға қарсы қайта вакцина жасау үшін вакцинаның шамамен 4 млн дозасы қалған.
Оның ішінде QazVac вакцинасы – 449 мың доза, Sinopharm вакцинасы – 1,67 млн доза, "Комирнати" вакцинасы – 1,9 млн доза (Пфайзер).
ВАК мәліметі бойынша, КВИ-ге қарсы вакциналау қарқыны бойынша көшбасшы өңір – Шығыс Қазақстан облысы. Ал Қызылорда облысында 77,7%, Жамбыл облысында 71,8% вакциналанған.