Түркістан облысы Шардара су қоймасында балық қырылды.
Балық инспекциясы мамандарының айтуынша, балықтың жаппай қырылуы жылда болатын қалыпты жағдай.
«Оңтүстікте, оның ішінде, Шардарада қыс мезгілі болмағаннан кейін балықтың иммунитеті төмендеп кеткен. Көктемде балықтың қырылуы жыл мезгілі ауысқан сәтте кездесіп тұрады. 10-15 күн ішінде судың астында көк шөп шыққаннан кейін, балықтың тіршілігі қайта өз қалпына келеді», – дейді Түркістан облысы бойынша балық инспекциясы бөлімінің бас маманы Марат Қарақұл.