«Белгілі болғандай, олар өзінің достарымен бірге туысқанынан жылқы етіп сатып алған. Алдымен досы ауырып, кейін бұл жігіттен де анықталды. Кеше індет жұқтырған жолаушы жігіт вагоннан бірден орташа ауыр жағдайда жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Тексеріс барысында «Сібір жарасы» екені расталды. Тері жарасы түрінде болып шықты. Белгілер тек өзінен ғана пайда болған. Дегенмен жігіттің жұбайы да қазір ауруханада. Вагоннан олармен байланыста болғандар да анықталды. Дәрігерлер оларға медициналық бақылаудан өтуге нұсқау берді», – дейді Қанат Ысқақов.Ведомство басшысының айтуынша сібір жарасы малдан адамға тек ет жегенде яки оны бөлген кезде жұғады. Ал науқас адамнан ауру онша жұқпайды. Тек науқас адам басқа біреуге қанмен немесе оның жарақатымен жанасқан жағдайда ғана жұғады.
Ақмола облысы