Джастин Бибер өз тындармандарының емін төлеп бермек
Джастин Бибер өз тындармандарының емін төлеп бермек
©www.bbc.com
322
оқылды
Әлемге белгілі әнші Джастин Бибер жанкүйерлері мен командасының мүшелері егер психикалық көмекке жүгінсе, бүкіл емін өзі төлемек. Ол бұған үш миллион доллар жұмсамақ. Consequence Sound-тың хабарлауынша, поп-жұлдыз терапия қызметі бойынша BetterHelp компаниясымен келісімшартқа отырды. «Осы күнге дейін түсінгенім, адам баласының басынан не өтпейді дейсіз?! Көкке де көтеріледі, құздан да құлайды. Сол себепті әр адамның қиналған сәтінде көмектесуіміз керек. Сондықтан жанкүйерлерім мен іссапарда жанымда жүретін көмекшілерім терапияға тегін бара алады. Олардың ем-домын қамтамасыз ете алуымның өзі үлкен бақыт. Осындай жомарттық танытып, істеуіме мүмкіндік болғанына разымын», - деді ол. Әнші 250-ден астам адамнан тұратын командасының мүшелеріне 18 айлық терапия, ал жанкүйерлеріне бір айлық емнің ақысын төлеп қойған.