Полиция кафеде оқ атқан ер адамды Алматыда ұстады, – деп жазады Polisia.kz.
Жамбыл облысында полиция 25 ақпанда Тараздағы кафеде екі тұрғынға оқ атқан күдіктіні ұстады.
Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікті халықаралық іздеуде жүрген 36 жастағы Тараз қаласының тұрғыны Алматы қаласында ұсталды.
Күдікті өз кінәсін мойындады. Ол Тараз қаласындағы тергеу изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.