Көпқабатты тұрғын үйдің терезесін жуып жатқан 27 жастағы жұмысшы биіктен құлап қаза тапты
Көпқабатты тұрғын үйдің терезесін жуып жатқан 27 жастағы жұмысшы биіктен құлап қаза тапты
Фото: yandex.kz
224
оқылды
Алматы қаласы Бостандық ауданында көпқабатты тұрғын үйдің терезесін жуып жатқан 27 жастағы жұмысшы биіктен құлап қаза тапты. Полицейлер жұмысшының оқиға орнында қаза тапқанын растады.
«1995 жылы туған азамат биіктен құлап кетті. Ол оқиға орнында қаза тапты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр», – деді департамент өкілі.
Бұған дейін бір жылда 200 жұмысшы қаза тапқанын жазған болатынбыз.