Баспасөз хатшысын суицидке жеткізген кім?
Баспасөз хатшысын суицидке жеткізген кім?
568
оқылды
Шымкентте Полиция департаментінің баспасөз хат­шысы өз-өзіне қол салды. Оқиға 6 сәуірге қа­раған түні бол­ған. Ол өзіне қол салардан бұрын әлеу­меттік желідегі парақшасында жазба қалдырды. Онда өзінің осы жағ­дайға жетуіне Полиция департаментінің басшысын кінә­лады. Департамент басшылығынан көр­ген қысымнан соң өз-өзіне қол салуға мәжбүр болыпты. Естеріңізде болса, жуырда баспасөз хатшысы Мөлдір Бе­кеева қарамағындағы қызмет­керін балағаттап, былапыт сөздер айтты деген аудиожазба YouTube желісінде таратылған болатын. Аудиожазба ақпарат құралда­­рында жарияланып, әлеуметтік же­лі­лерде қызу талқыға түсті. Көп­шілік «нәзікжанды қыз бала­сына мұндай былапыт сөздер жат» деп жазғырса, екінші тарап «осыған дейін жеткізген және да­уысты жазып алған қызметкердің әрекеті ер-азаматқа тән емес» деп пікір білдіріп жатты. Ал Мөлдір Бекеева мұны арандату, аудио­жазба монтаж деп мәлімдеді. Бұл жағдай бойынша Шымкент қала­сы Полиция департаментінің бас­тығы, полиция генерал-ма­йо­ры Қайрат Дәлбеков қызметтік тексеру жүргізілетінін мәлімдеді. Кешегі өз-өзіне қол салу оқи­­ғасы да осы жағдайдан ке­йін бо­луы мүмкін. Өйткені Бекеева өзі­­­нің жазбасында үс­тінен қыл­мыс­тық іс қозғалғанын, басшы­лық­­тан көрген қысымнан соң өмір­­ден кеткенді жөн көрдім деген. «Мен сындым... Сабырым тау­сылды... Бүгін Шымкент қа­ла­сы Полиция департаментіндегі қызметімнен кеттім. Жай кеткен жоқпын, үстімнен қылмыстық іс ашылған соң кеттім! Әлеуметтік желілерде тараған беймәлім жала аудиожазбаға барынша шағыл­май, бұл да бір Алланың сынағы, көтеруім керек деп іштен тынып, сыр алдырмай жүрген едім. Мен өз еркіммен емес, мәжбүрлі түрде кеттім. Бұлар адамды жұмыстан кетіру үшін неше түрлі қитұрқы айла-амалды табады екен ғой! Со­ған көзім жетті. Анықтау бас­қармасының бастығы үстімнен қыл­мыстық іс қозғалғанын айт­ты. Қылмыстық іс ҚР ҚК 378-бабы 1-бөлігімен, яғни билік өкі­лін қорлау бойынша... Ашыл­ған қылмыстық істің өзі жүз па­йыз сол кісінің қолымен жасалып отырғанына сенімдімін, мені жұ­мыстан өз еркіммен кетіру үшін жасап отырған кезекті іс-әрекеті ғой! Мен енді жұмыстан ғана емес, өмірден кеткенді де жөн көрдім…» деп осы жағдайға тікелей бірінші басшы себепкер деп атап өткен. Сонымен бірге ұзын-сонар хатында Полиция департаментінде соңғы екі айда болған бірнеше заңсыздықты көрсеткен. Осылайша, өзінің жұ­мыстан кету туралы өтінішінің қолжазбасын салған. Ол парақшаға жазбаны қал­дыра салысымен, бірнеше дәрі ішіп, өмірімен қоштаспақ бо­лып­ты. Алайда дер кезінде жеткен же­дел жәрдемнің арқасында Бе­кеева бүгінде аурухананың жан­сақтау бөлімінде хал үстінде жа­тыр. Денсаулық сақтау басқар­масының ресми өкілі «06.03.2022 жылы түнгі сағат 01.30-да Т.Орын­баев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жедел жәрдем қызметімен 1991 жылғы пациент ауыр жағдайда жет­кі­зілген. Пациентті дәрігерлер шұ­ғыл түрде тексеріп, жансақтау бө­ліміне жатқызды. Түскен кез­дегі жағдайы ауыр, команың І дә­режесі. Қазір науқас реанима­цияда ем қабылдап жатыр. Жағ­дайы тұрақты ауыр. Алдын ала болжам бойынша пациент суицид жасау мақсатында көп мөлшерде дәрілік препараттар ішкен болуы мүмкін» деп хабарлады. Ал Полиция департаментінің түсіндірмесінде алдымен Бе­кееваның полиция қызметкеріне қарсы былапыт сөздер айтқаны бойынша ақпаратын жариялады. Аталған бейнежазба бойынша жүргізілген қызметтік тексеру нә­тижесінде Өзіндік қауіпсіздік басқармасы баспасөз қызметінің басшысымен әңгімесін жазып ал­ған полицейді анықтағанын атап өткен. «Жедел басқару ор­та­лығының офицері ретінде қызмет атқарған оны баспасөз қызметі­нің жетекшісі күн сайын бала­ғаттап, дау-да­май ұйымдастырып, ар-намы­сына тиетін сөздер айт­қан. Оны бірге істеген қызметкер­лер раста­ды. Осылайша, ЖБО қызметкері қылмыстық іс қозғау туралы хат­­тама толтырды. Оның хабар­ла­масы ҚР Қылмыстық кодек­сі­нің 378-бабы «Билік өкілін қор­лау» бойынша тіркелді. Арыз бо­йынша, сотқа дейінгі тергеу жұ­мыстарын анықтау бөлі­мі жүр­гізеді. Ал өз-өзіне қол жұм­сау жағ­дайы бойынша Қаратау АПБ ҚР ҚК 105-бабы бойынша сот­қа дейінгі тергеу амалдарын бас­тады. Қазір Мөлдір Бекеева ауру­ха­на­ның жансақтау бөлімін­де» делін­ген ресми хабарламада. Ал қалалық Полиция департа­менті Кадрлық саясат басқарма­сының басшысы Данияр Үндер­баев департаменттің Ішкі және сыртқы коммуникациялар бас­қармасы басшысы Мөлдір Бекее­ваның қызметінен босатыл­ма­ғанын мәлімдеді. Қызметінен ке­ту туралы өтініш бергенімен, оған әлі бұйрық шықпаған. Оқи­ғаға байланысты «Өзіне қол жұм­сауға итермелеу» бабымен іс қоз­­ғалыпты. Полиция департа­мен­­тінің кеше түстен кейін та­ратқан мәліметіне сүйенсек, тер­геу барысында Бекеева мен оның үс­тінен арыз жазған поли­ция қыз­меткерінің арасындағы жан­жал «Билік өкілін қорлау» (378-бап) бабымен тіркелгенімен, кейін «Қорлау» (131-бап) бабына жататыны анықталған. Соған бай­ланысты іс тоқтатылыпты. Ал арызданушыға Бекееваның үс­тінен азаматтық тәртіппен сотқа жүгіне алатынын ескерткен. Бүгінде шымкенттік БАҚ өкіл­дері әріптестерін қолдап, өзі­не қол салуға мәжбүр болған ша­расыз жанның аман қалуын тілеп отыр. Ал Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан да бұл жағдайға алаңдаушылық біл­діріп, өзінің пікірін қалдырды. Депутат өзінің Facebook әлеу­мет­тік желісіндегі парақшасына «Бас прокурор, ІІМ, Антикор басшы­лығы! Шымкентте артына үшбу хат жазып өзіне-өзі қол салған ішкі істер қызметкері, журналист Мөлдір Бекееваның ісін мұқият назарларыңызға алуды талап ете­мін!» – деп жазды ол.

Шымкент қаласы